Тоқаев Кореяның депутаттары мен профессорларына II дәрежелі «Достық» орденін табыстады

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Тоқаев Кореяның депутаттары мен профессорларына II дәрежелі «Достық» орденін табыстады
Фото: Ақорда

Бүгін Сеулде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» орденін табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқаев жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей ежелден достас халықтар екеніне назар аударған. Қазақстан президенті атап өткендей, екі елдің арасы қалшақ болғанымен, өзара құрметі биік. Яғни, Тоқаев атап өткендей, қазақ халқы мен билік өкілдері достас Корея еліне шынайы сыйластықпен қарайды.

«Корея Республикасы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Біз Кореяны халықаралық абырой-беделі зор мемлекет ретінде білеміз. Бүгінде мемлекеттеріміздің сан қырлы ынтымақтастығы жыл санап нығайып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдеме қабылдаған едік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша, Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық жиналысының 22-шақырылым депутаттары Мэн Сон Гю мен Ли Чжэ-канды, Сеул киберуниверситетінің президенті Ли Сан Гюнді, Хангук шет тілдері университетінің (HUFS) профессоры, Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Сон Ён Хунды, Hyundae General Hospital көпбейінді клиникасының директоры Ким Бу Сопты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған.