14.09.2026, 15:32
Саясат
Таиланд кейбір елдер үшін 60 күндік визасыз режимнің күшін жояды – оның ішінде Қазақстан да бар
Жаңа ереже ертең, 15 қыркүйекте күшіне енеді
Фото: © magnific.com / tawatchai07
Таиланд бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режимді 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі хабарлағандай, бұл өзгеріс ертең, 15 қыркүйекте күшіне енеді.
«Аталған норма күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күн визасыз жүре алады. Әрбір 180 күндік кезең ішінде бұл елде жүрген күндерінің саны 90 күнтізбелік күннен аспау керек», - деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды