«Азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту керек»: Тоқаев Олжас Бектеновті қабылдады

Бектенов бүгін қайтадан премьер-министр болып тағайындалған

«Азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту керек»: Тоқаев Олжас Бектеновті қабылдады
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Айта кетейік, Бектенов бүгін қайтадан премьер-министр болып тағайындалған еді.  Ақорда хабарлағандай, кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

«Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды. Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Құрылтай вице-президент пен премьер-министрдің кандидатураларына келісім берген болатын.