Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды
Енді бұл кандидатура Құрылтайдың келісімінен өтуі керек
Бүгін Құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Вице-президент Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысының міндеттерін жүзеге асыруға атсалысады. Мен бұл лауазымға Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеді. Көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат. Ауқымды реформаларды іске асыруға атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ерлан Қарин 2019 жылы сәуір мен 2020 жылы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. Кейін Президенттің көмекшісі қызметін атқарып, 2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекеттік хатшы, сол жылдың 14 маусымында Мемлекеттік кеңесші болып тағайындалды. 2026 жылғы 30 маусымда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне кірісті.
Еске салайық, жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президент лауазымы қайта енгізілді. Құжат 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған.