Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз елінің Тәуелсіздігімен құттықтады

Бүгін Қырғызстанның тәуелсіздік алғанына 35 жыл болған

Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз елінің Тәуелсіздігімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жолдап,  Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқаев құттықтау жеделхатында Қырғызстанның Тәуелсіздік алғанына биыл 35 жыл толғанын атап өткен.

«Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады», – деп жазылған құттықтауда.

Қазақстан президенті екі елдің талай ғасырдан бергі тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстырып отырғанын атап өткен. Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі.