$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 10:21
Саясат

Дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты – Тоқаев

Президент Үкіметке карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуді міндеттеді

Дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында барлық медициналық мекемелердің алдында тұрған басты міндетті атады.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Президент кеше көз жұмған даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің қазасын зор күйзеліспен қабылдағанын жазды.

«Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж. Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары. Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары