Тоқаев Эмманюэль Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін француздар Бастилияны алу күнін тойлап жатыр

Тоқаев Эмманюэль Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.