04.07.2026, 12:00
Саясат
Тоқаев АҚШ президентіне құттықтау хатын жолдады
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды