Қазақстандағы балабақшалардың жартысынан көбі жекеменшік мекемелер болып шықты
Еліміздегі 12 мың балабақшаның 5,3 мыңы ғана мемлекеттік болып шықты
Қазақстанда 12 мың балабақша болса, соның жартысынан көбі, яғни, 6,6 мыңы – жекеменшік балабақша. Ал, мемлекеттік балабақшаның саны – 5,3 мың мекеме, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бүгін үкімет Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстанның балаларды қорғауға қатысты атқарып жатқан жұмыстары жайлы ауқымды баяндама ұсынған. Соның ішінде, мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде бірқатар статистика бар.
«Қазір республика бойынша 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 5,3 мыңы – мемлекеттік, ал 6,6 мыңы – жекеменшік ұйымдар», - деп жазған үкімет.
Жалпы, осы 12 мың балабақшада 1 млн бала тәрбиеленіп жатыр. Елдегі 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесі 70 пайыз.