Президент Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Иорданияның Тәуелсіздік күніне орай жолдаған жеделхатында екі ел арасындағы серіктестіктің нығая түскенін атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.
Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.