26.05.2026, 21:07
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай Михаил Кавелашвилиді құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады
Фото: www.akorda.kz
Мемлекет басшысы Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвили мен Грузия халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан президенті құттықтау жеделхатында достық пен өзара қолдау байланыстарына негізделген қазақ-грузин ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Грузия халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
