$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2019, 14:55
Саясат

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылайды

Орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылайды

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылған. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды.

Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, Ресейдің брондалған«Тигр» және «Тайфун» мен Түркияның «Кирпи» көліктері бар.

Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеудің Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылауы жөнінде келісімге келген болатын.

Серіктес жаңалықтары