$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 18:12
Саясат

Nur Otan мүшелері Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмас үшін мониторинг жүргізді

Бүгін Қызылорда қаласындағы бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізілді

Nur Otan мүшелері Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмас үшін мониторинг жүргізді

Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы облыс дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасыновтың жетекшілігімен мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізді. Атап айтқанда, «Чингиз», «Зерде», «Фармсервис» желілерінің жұмысы бақылауда болды.

21 шілде күні жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмекке сұраныстың азайғаны анықталды. Алдыңғы апталармен салыстырғанда, дәрі-дәрмек тапшылығы азайған.

Естеріңізге сала кетейік, мониторинг жүргізетін топ жұмысының басты мақсаты – дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, кезегін күткен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін арақашықтық сақталуын бақылау, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың медициналық маска тағуын қадағалау.

Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау облыстық партия филиалының тікелей бақылауына алынды, мониторинг жүргізу жұмыстары жалғаса береді.

Серіктес жаңалықтары