14.05.2026, 10:53
Саясат
«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен бірге кабинетінде түскен ерекше фотосын жариялады
Фотограф суретті кеше, 13 мамыр күні түсірген екен
Фото: instagram.com/tokayev_online
Бұл күндері Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүр. Кеше, 13 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны әуежайдан өзі қарсы алған болатын, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ал бүгін, 14 мамыр күні Тоқаев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Ердоғанмен бірге түскен ерекше суретін жариялады.
«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен. Астана. 2026 жылғы 13 мамыр», - деп жазған Тоқаев.
Айта кетейік, кеше Ақорда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ердоғанды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалай қарсы алғанын көрсеткен еді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді