$ 489.3  578.94  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады

Бұл – вьетнамдықтардың Жаңа жыл мерекесі

Тоқаев Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған. Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген», - деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.