Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Пікірталас клубының мүшелі жаңа Конституцияның жобасына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Азаматтық альянсы «Ұстаным» Ұлттық пікірталас клубының «Конституция: Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» тақырыбына арналған отырысын өткізді. Талқылау елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістер аясында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy альянстың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жиынға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, еліміздің 20 өңіріндегі азаматтық альянстардың көшбасшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл алаңның кең өңірлік және кәсіби өкілдікке ие болуын қамтамасыз етті.
Күн тәртібінде азаматтық қоғам институттарының конституциялық реформаны іске асыруға қатысуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және реформаларды әзірлеу мен талқылау үдерісіне қоғамның кеңінен қатысуын арттыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдау жөнінде ресми мәлімдеме жасап, оның елдің саяси жүйесін одан әрі дамытудағы маңызын атап өтті.