$ 495.1  583.72  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қауесетке сенбеңіздер»: Айман Омарова жерді сатуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ол әлеуметтік желіде таралап жатқан ақпараттарға қатысты ойын айтты

«Қауесетке сенбеңіздер»: Айман Омарова жерді сатуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Facebook/Айман Омарова

Белгілі заңгер Айман Омарова жаңа Конституцияның жобасына қатысты, әсіресе, тіл мен жерге қатысты айтылып жатқан жалған ақпараттарға ермеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «Закон» сайтына сілтеме жасай отырып.

Заңгердің айтуынша, Конституцияда жер туралы жаңа өзгерістер енбеген.

«Әлеуметтік желіде көп адамдар «жерімізді сатады» деп байбаламға түсіп жатыр. Менің бір ғана айтарым бар: қауесетке сенбеңіздер. Мен өзім мұқият бақылап отырмын, жерге қатысты өзгеріс жоқ. Мен жер мәселесіне қатысты өзгеріс еніп жатыр дегенді ешкімнен естіген жоқпын. Қазіргі Конституцияда қалай жазылса, солай қалады. Жерге қатысты өзгеріс жоқ», - дейді адвокат.

Ал, тіл мәселесіне келгенде ол дискриминацияға жол жоқ екенін еске салды.