$ 503.17  600.89  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шұғыл: Әділет министрі жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

Бұл туралы ол Конституциялық комиссиясының бесінші отырысында айтты

Шұғыл: Әділет министрі жаңа Конституция қабылдауды ұсынды
Фото: скриншот

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр әуел бастан Ата заңның мәтіні барша азаматқа түсінікті әрі ұғынықты тілде жазылуы тиіс екеніне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде біз адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде айқындайтын әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын нақты әрі айқын бекітуді талап ететін жаңа саяси-құқықтық жағдайда тұрмыз. Қазіргі уақытта талқыланып жатқан түзетулер Конституцияның құрылымын тұтастай қамтып, преамбуладан бастап қорытынды және өтпелі ережелерге дейінгі барлық бөлімге әсер етуде. Ұсынылып отырған өзгерістер қолданыстағы Конституция мәтінінің 80 пайыздан астамын қамтиды. Ал Конституция мәтінінің жартысынан көбі өзгертілген жағдайда жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындайды. Мұны менің алдымда сөз сөйлеген баяндамашылар да атап өтті», - деді Сәрсембаев отырыста.

Оның айтуынша, ұсыныстардың ауқымы мен талқылаулардың тереңдігі объективті түрде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына көшуге негіз қалыптастырып отыр.

«Бұл бүкіл конституциялық модельдің кешенді әрі ішкі үйлесімді жаңартылуын білдіреді. Осыған байланысты сіздердің қолдауларыңызбен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау туралы мәселе көтерілуі тиіс деп есептеймін», - деді министр.