Жаңа Конституция туралы мәселені қарастыру орынды деп санаймын – Мәди Мырзағараев
Ол жаңа Конституцияның өзгерістеріне қолдау білдірді
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағарев Конституцияға ұсынылған өзгерістерге қолдау білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, комиссия өте қызу жұмыс істеп жатыр.
«Бұл жерде әртүрлі көзқарас айтылды, сұрақтар мен күмәндер болды. Ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Мұның өзі жүріп жатқан жұмыстың формалды емес, мазмұнды екенін көрсетеді. Бұл талқылау жабық форматта өткен жоқ. Комиссия отырыстарының тіккелей эфирде көрсетілуі қоғамда кең талқылау туғызды», - дейді Мырзағараев.
Демек, оның айтуынша, бүгін талқыланып отырған мәселелер тек комиссияның немесе кәсіби ортаның шеңберінде қалып отырған жоқ. Қоғам бұл өзгерістерден нақты әрі оң нәтиже күтеді.
«Өзгерістер азаматтардың, сарапшылардың, мен өкілдік ететін адвокаттар алқасының ұсыныстарын енгізе отырып әзірленді. Жаңа Конституция туралы мәселені қарастыру орынды деп санаймын», - дейді ол.