$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді

Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді
Фото: Ақорда

Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс. Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады», – деді Тоқаев. 

Сонымен қатар ол Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтады. 

«Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз», – деді президент.

«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды. Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті. Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония Премьер-министрі келесі саммиті Қазақстанда өткізуге келісті.

Серіктес жаңалықтары