ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 907 адамнан коронавирус анықталды

Павлодарлық оқушылар екі күн ішінде жаңа әлеуметтік желі жасап шықты

Өнертапқыштардың конкурста үздік шыққан жобасы «Òzen app» деп аталады

фото: pavlodarnews.kz

Павлодардағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «HACKDAY ONLINE 2020» инновациялық идеялар республикалық фестивалінде жаңа жобасымен топ жарды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Байқауды Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырды. 12-сыныпқа көшетін Азамат Бекболат, Еркебұлан Елжан және Тұрлыхан Тоқтағанов «Ақпараттық технологиялар» аталымындағы «Цифрлық университет» және серіктестер тапсырмасы бағытында үздік деп танылған.

Жас өнертапқыштар конкурс ережесіне сәйкес, екі күннің ішінде «Òzen app» деп аталатын жаңа әлеуметтік желі құрастырды.

Бұған дейін олар республика көлемінде бірқатар IT, робототехника байқауларында топ жарып, хакатондарда жеңімпаз атанып үлгерген.

Еркебұлан Елжанның айтуынша, «Òzen app» қазіргі күнде жастардың көзайымына айналып жүрген Ozenxo жобасының тапсырмасы бойынша құрастырылған. Оның негізгі мақсаты - қазақстандық жас әншілерді дүйім жұртқа таныстыру, тыңдаушыларды бір жерде тоғыстыру. Барлық жаңалықты осы жерден оқып, жаңа әңдер тыңдауға мүмкіндік беру. Арнайы чат функциясы арқылы қолданушылар бір-бірімен сөйлесіп, пікірлерін қалдыра алады.

«Hackday - жыл сайын Алматыда өтетін ең ірі хакатондардың бірі. Біздің команда сайысқа алғаш рет қатысты. Биыл хакатон онлайн форматта өтті және біз үшін бұл алғашқы тәжірибе. Бұл конкурста отандық «Ozen» лейблы берген тапсырманы орындап, үздіктер қатарынан табылғанымызға өте қуаныштымыз. Тапсырма бойынша Android/iOS платформасын пайдаланушылар үшін әлеуметтік желі жасап шығу керек болды және жұмысымызға жоғары баға берілді», – дейді Азамат Бекболат.

Жаңа форматта өткен фестивальге шет елдер мен Қазақстанның әр өңірінен 1500-ден астам адам өтініш жолдаған. Оның ішінен ақтық сынға 160 команда өтті.

Жеңімпаздардың қолынан шыққан жаңа жоба болашақта Аpp Store немесе Play market-ке жүктеліп, сол жерде кез келген адамға қолжетімді болады.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат