10.07.2024, 16:11
Кейіпкер
Жақсылық Үшкемпіровтың жаттықтырушысы өмірден озды
Ром Илматов 93 жаста еді
Фото: olympic.kz
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жаттықтырушысы Ром Илматов 93 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы хабарлады. Ром Хасанович Илматовпен қоштасу 11 шілдеде Семейде өтеді.
Илматов 1936 жылы Бородулиха ауданының Ауыл станциясында дүниеге келген және 14 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан. 1957 жылдан бастап ол педагогикалық университетте сабақ беріп, жаттықтырушылық қызметті таңдады.
Илматовтың ең танымал шәкірті – Жақсылық Үшкемпіров. Ол 1980 жылы Олимпиада чемпионы және 1981 жылы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Атақты балуан 4 жыл бұрын қайтыс болған.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды