26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26 қыркүйекте солтүстікте үсік жүріп, оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі
Қазақстанда 26 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы кей жерлерде 0 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей өңірде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +4...+6 °C, күндіз +12...+14 °C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14 °C, күндіз +22...+24 °C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Түнде +11...+13 °C, күндіз +24...+26 °C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6 °C, күндіз +17...+19 °C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17...+19 °C, күндіз +25...+27 °C.
Атырауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17 °C, күндіз +22...+24 °C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіндейді. Түнде +10...+12 °C, күндіз +19...+21 °C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6...+8 °C, күндіз +12...+14 °C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4 °C, күндіз +13...+15 °C. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11 °C, күндіз +24...+26 °C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1...+3 °C, күндіз +14...+16 °C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғып, жел екпіндейді. Түнде +11...+13 °C, күндіз +24...+26 °C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7 °C, күндіз +14...+16 °C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0...+2 °C, күндіз +13...+15 °C. Топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Семейде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6 °C, күндіз +17...+19 °C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5 °C, күндіз +23...+25 °C.
Таразда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12 °C, күндіз +21...+23 °C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Түнде +11...+13 °C, күндіз +24...+26 °C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12 °C, күндіз +21...+23 °C.
Өскеменде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2...+4 °C, күндіз +17...+19 °C.