$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2024, 12:10
Кейіпкер

Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел кім

1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік берілді

Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел кім
Фото: Levitsky of Paris

Париж Олимпиадасы қарсаңында Спортты дамыту дирекциясы Франция туралы қызық фактінің бірін жариялады. Осыдан тура 124 жыл бұрын Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы әйел спортшының кім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік берілді. 5 айға жалғасқан (14 мамыр - 28 қазан) жарыста швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста өнер көрсетіп, күйеуімен бірге чемпион атанған. 

Сол сәтте әйелдерге тек үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған.

Міне, биыл, яғни 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50%-ды құрап отыр.

Айта кетерлігі, биылғы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан сынға түсетін спортшылар арасында ерлердің үлесі - 67,5 пайыз, әйелдердің үлесі - 32,5 пайыз.

Серіктес жаңалықтары