$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2019, 15:04
Кейіпкер

Алматы облысында 7 жасар баланың асқазанынан жарты кг ұйысқан шаш алынды

Сәби ұзақ уақыттан бері құсып, тамақ ішуден бас тартқан

Алматы облысында 7 жасар баланың асқазанынан жарты кг ұйысқан шаш алынды

Алматы облысы аймақтық балалар ауруханасының мамандары ауыр жағдайда түскен бүлдіршінге шұғыл операция жасады. Науқастың клиникалық белгілерінде эпигастрия, тәбетінің болмауы, дене қызуының көтерілуі мен әлсіздік байқалған.

Тексеру нәтижесінде баланың ағзасында бөтен дененің бар екені анықталған. Ота жасау барысында бүлдіршіннің асқазанынан салмағы 500 грамнан асатын қоқыс алыныпты. Оның іш құрылысына жүн, қыл-қыбыр мен шаштың ұйысқан бөлшегі, тіпті жуынғанда денеге арналған жұмсақ ысқыштың бөлшектері толып қалыпты. Бала жарты кг тартатын түрлі қоқысты жылдар бойы жұтып келуі мүмкін, дейді Алматы облысы Іле ауданында орналасқан аурухананың бас дәрігері Ролан Нұрбаев.

«Бала бізге Райымбек ауданынан 4 қазанда түскен. Шағымдары: құсады, тамақ, су іше алмайды. Тексергенде, ішінде бөтен бір дене көрінді. Операция жасадық. Сонда ішінен шаш, жүн, губка сияқты түрлі ұйысқан заттар алынды. Бала тіпті өз шашын жұлып жеп жүргені анықталды. Ол көптен бері ауырып келген, ата-анасы назар аудармаған. Бір аптадан соң үйіне қайтарылады. Қазір жағдайы қалыпты», - дейді бас дәрігер.

Баланың асқазанына мұндай бөтен дененің қайдан пайда болғанын анықтау үшін дәрігерлер құзырлы органдарға арнайы хабарлама жолдаған. Жергілікті жердегі полиция мен баланың құқығын қорғайтын мекемелер бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан отбасын тексеретін болады.

Алматы облыстық аймақтық балалар клиникалық ауруханасына осындай диагнозбен жылына бір науқасқа операция жасалатыны белгілі болды. Енді ол ішектегі созылмалы фиброздық эрозиялық эзофагит, асқазан жарасы, қан аздық және гипотрофия сияқты диагноздар бойынша ұзақ уақытқа созылатын ем қабылдауы тиіс.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары