$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда денесіне темір жабысып қалатын «магнит» әйел тұрады

Ол бойындағы ерекше қабілетін осыдан 6 жыл бұрын байқаған

Петропавлда денесіне темір жабысып қалатын «магнит» әйел тұрады

Петропавлда  ерекше әйел тұрады. 68 жастағы Галина Малошенконың денесіне қасық, шанышқы, ожау секілді асхана аспаптарымен қатар ұялы телефон, қашықтан басқару құралы сынды заттар жабысып қалады. Зейнкеткерді танитындар «магнит әйел» деп атап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Галина Малошенко бойындағы ерекше қабілетін осыдан 6 жыл бұрын байқаған. Айтуынша, дастархан басында отырғанда ыдыстағы қасық қолына жабысып қалыпты. Содан бері денесінде магнит орналасқандай, құрамында металл бар кез-келген затты жақындатсаң болғаны, өзіне тартып алады.

«Алюминий тостаған, қақпақтардың барлығы денеме жабыса береді. Дәрігерлер бойымда биоэнергия басым деген болжам айтты. Нақты себебін анықтау үшін Алматы қаласына зерттеу институтына баруды ұсынды. Мен бас тарттым. Алысқа жол жүретін жаста емеспін. Әрі ерекше қасиетім өзіме ешқандай кедергі келтірген емес», - дейді Галина Молошенко.

Дәрігерлердің сөзін іс жүзінде тексеріп көрмек болып, зейнеткер ауырып жүрген жолдасының беліне екі үш мәрте массаж жасап көріпті. Кейін ол құлан-таза айығып кеткен екен.

«Жолдасымның белі үнемі ауыратын. Қазір, көргендеріңіздей, толықтай жазылып шықты. Таныстарымды да емдеп көрдім. Нәтиже бар. Дегенмен, кейін көп энергиям жұмсалатын болғандықтан бұл істі доғардым», - дейді «магнит» әйел. 

Галина Малошенконы айналасындағылар тек «магнит адам» ретінде ғана емес, он саусағынан өнер тамған талантты жан ретінде де жақсы таниды. Зейнеткер бос уақытында жастық, көрпешелер тігеді. Сонымен катар, пласстик бөтелекелерден неше түрлі бұйымдар да жасайды. Зейнеткер өзі жасаған бұйымдарымен үйі мен бақшасын безендіреді. Кейіпкеріміздің ерекше туындыларын маңайлас көршілері де, өңірге қонақ боп келгендер де жоғары бағалайды екен.

Серіктес жаңалықтары