28.09.2020, 11:30
Күннің саны
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты
Ауырып жатқандар саны – 7,6 миллион адам
Әлемде коронавирус жұқтырып, қайтыс болған науқастар саны бір миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Worldometer порталы қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған 7,6 миллион адам бар деп хабарлайды. Сондай-ақ, 24 миллионнан астам науқас пандемия басталғалы бері ауырып, жазылып кетті.
Қайтыс болғандардың негізгі бөлігі АҚШ-та — 204 мыңнан астам адам қаза тапты, содан кейін Бразилия, Үндістан және Мексика тіркелген, ал Ұлыбритания бесінші орында тұр.
Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметтері бойынша, науқастар өлімінің 1 699-ы Қазақстанға тиесілі.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды