ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Атырау жүргізушілеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3408 фактісі тіркелді

Фото: «Ақ Жайық»

Атырау жүргізушілеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды. Жақында аймақта іске қосылған «Сергек» жүйесі жол қозғалысы ережелері бойынша құқықбұзушылықтарды тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бейнебақылау камералары 153 жол учаскесінде және 50-ден астам жол қиылыстарында орнатылған. Аппараттық-бағдарламалық кешен бұрын пайда болған аулаішілік бекіту аспаптарымен бірге жұмыс істейді. Бірыңғай база аулалар мен демалыс орындарында оқиғаларды тіркейді. 

«Бүгінгі таңда «Сергек» камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3408 фактісін тіркеді. Бұл 43 миллион теңге айыппұлға тең. Тәртіп бұзушылар айыппұл туралы хабарламаны «Қазпошта» арқылы және СМС-хабарлама арқылы алады. Мұндай жаңалыққа жүргізушілердің бәрі бірдей үйрене алмай жатыр. Тек өткен аптада әкімшілік полицияға 20 жүргізуші хабарласты. Олар заңбұзушылық фактілерін жеке-жеке тексеруге мүмкіндік алды. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.