Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады
Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астанада күн салқындап, бұршақ пен дауыл күтілсе, Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте қысқа мерзімді жауыннан кейін қайтадан ыстық ауа райы орнығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елордада алдағы күндері жауын-шашын күшейіп, ауа температурасы төмендейді. 22 тамызда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +24…+26°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 2–10 м/с.
23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +19…+21°C болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 24 тамызда кей уақыттарда жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз +22…+24°C болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Алматыда алдағы үш күнде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. 22 тамызда күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады. Желдің екпіні 11 м/с-қа жетеді.
23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +28…+30°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
24 тамызда кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкентте 22 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 23 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C аралығында ыстық ауа райы сақталады. Жел 8–13 м/с. 24 тамызда күн ашық болып, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +32…+34°C болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.