Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды

Өрт кезінде мейрамханада келушілер болмаған, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы мейрамханада ірі өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимаратты түгелдей от шарпыған. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, құтқарушылар оны сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram арнасына сілтеме жасап.

Төлендиев көшесінде орналасқан мейрамхана өртенген. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимараттың барлық аумағында ашық жалын болған. ТЖМ күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ бөлімшелері келген сәтте мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіру кезінде ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын, сондай-ақ көлемі 50 литрлік оттегі баллонын алып шықты.

«ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер туралы 112 нөміріне ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта мейрамханадағы өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.