Моңғолияның атақты халық емшісі, буддист қазақтарды емдеу үшін Алматыға келді. Ламаизм дінінің өкілі өздерінің құдайы Бурханға сиынатынын айтады. Қазақтар 80 жастағы буддистен шипа алу үшін кезекте тұр.
АҚШ-тың сауда серіктестері тізімінде Қазақстан 79-шы орында. 2018 жылы екі ел арасындағы тауарайналым $2,1 млрд құрады. Қазақстан минералды шикізат пен химия өнеркәсібі өнімдерін экспорттайды. АҚШ біздің елге машина, қондырғылар мен көлік құралдарын саудалайды.
Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның саммитінде швециялық оқушы қыз ашу мен ызаға толы сөзін айтты. Грета Тунбергке саммитте экология мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйлеуге мүмкіндік берілді. Ол саясаткерлерден табиғатқа кесірлерін тигізуді тоқтатуды талап етті.
Бүгінде біздің елімізге америкалық инвесторлар жалпы көлемі 45 миллиард доллардан астам қаржы салған. Қазақстанда 500-ден аса америкалық компания жұмыс істейді
Экс-шенеунік Петропавл қаласында бизнес жүргізу үшін 286,5 млн. теңгеге әкімшілік үй-жай мен іргелес жер учаскелері бар қоғамдық тамақтану ғимаратын сатып алған.