$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты жатқан жерінен теуіп құлатты: оқиғаның қайда болғаны анықталды

Жағымсыз оқиғаның Қазақстанда болмағаны анықталды

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты жатқан жерінен теуіп құлатты: оқиғаның қайда болғаны анықталды
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде және кейбір онлайн-БАҚ-та қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсетпей, көшеде қалдырып кеткені туралы фейк видео тарап жатыр. Роликке жүргізілген талдау көрсеткендей, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпараттың жалған екеніне байланысты аталмыш орталық мынандай дәйектемелер келтірді:

  • Киім үлгісінде ҚР-дағы жедел медициналық көмек бригадалары үшін міндетті болып саналатын мемлекеттік және ведомстволық белгілер жоқ.
  • Киімнің түс гаммасы мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді.

«Таратылған видеода авторлар қатысу әсерін күшейтетін және көрерменде жағымсыз эмоциялар тудыратын аудио жолақты мақсатты түрде салған. Мұндай техникаларды қолдану жағдайды бұрмаланған түрде қабылдауды қалыптастыруға және аудиторияға эмоциялық қысымды арттыруға бағытталған манипуляцияның әдістері болып саналады. Бұл роликтің ақпарат беру үшін емес, керісінше негативті күшейту және шұғыл қызметтерді дискредитациялау үшін жасалғанын қосымша растайды.

Бұдан бөлек, роликтегі оқиға 2024 жылдың 11 наурызында Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Осылайша, бұрын болған және тергелген істі Қазақстанның жедел жәрдем қызметімен байланыстыру – азаматтарды әдейі жаңылыстыру әрекеті болып саналады», - делінген Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық мәлімдемесінде.

Орталық пабликтердің әкімшілері мен ақпараттық ресурстардың авторларын азаматтардың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығын құрметтеуге, жариялау алдында дереккөздерді тексеруге және мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерді әдейі қаралауға бағытталған материалдарды таратпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары