24.11.2025, 07:17
Жаңалықтар
Оралда екіқабатты ағаш үйден қою қара түтін шықты
Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың таралуын тоқтатты
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Орал қаласының Самар көшесінде екі қабатты ағаш тұрғын үй алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде шатырдың және екінші қабаттың бір бөлігін өрт шарпығаны анықталды.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында жалынның таралуы дер кезінде тоқтатылып, оның екінші қабаттың қалған бөлігі және бірінші қабатқа өтіп кетуіне жол берілген жоқ. Өрт сөндірілді», - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар пәтерлерін өздері тастап шыққан.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды