$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 09:17
Жаңалықтар

Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі

Жыл соңына дейін барлық шаруашылықтар 300 мың тоннаға жуық ет өндіреді деп күтіледі

Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі

Жыл басынан бері елімізде құс етінің өндірісі өткен жылмен  салыстырғанда 6,3%-ға өсті. Қаңтар мен мамыр аралығында 100 мың тоннаға жуық өнім өндірілді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Қазақстанда құс етін 24 құс фабрикасы шығарады. Күн сайын олар 800 тоннаға дейін өнім өндіреді (Ақмола облысында - 200 тоннадан астам, Алматыда - 350-ге жуық, Ақтөбе мен Атырауда - 7 тоннаға, Шығыс Қазақстан облысында - 130, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды ​​облыстарында - 20-дан астам, Қостанай және Павлодар -14, СҚО - 6, ОҚО - 45 тоннаға жуық)», -делінген хабарламада.

Айта кету керек, 2019 жылы республикада 223 мың тонна құс еті өндірілді, ал 2018 жылы – 192 мың тонна. Өндірістің тұрақты өсуіне байланысты құс етінің импорты 4%-ға азайды.  2018 жылы 49% болса, 2019 жылы 45%-ға түсті.

Ет өндірісін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып, сонымен қатар құс етін өндіруді мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жүргізілгендіктен, құс шаруашылығы өзінің тиісті нәтижесін берді. Атап айтқанда, құс етін одан ары импортты алмастыруға арналған құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жаңа құс фабрикаларын салу және қолданыстағы модернизацияны қаржыландыру шаралары қабылдануда.

«Бүгінде Қазақстанда 5 құс фабрикасының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, Алматыдағы (OTAN Green Food ЖШС), Атыраудағы («Meken Chicken» ЖШС) және Қостанай («Комсомольская птицефабрика» ЖШС) құс фабрикаларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», -делінген хабарламада.

Еліміздегі жоғары сапалы өнім өндіретін қазіргі заманғы құс фабрикаларының бірі Шымкент қаласында орналасқан. «Шымкент құс» ЖШС 14 жылдан бері жұмыртқа мен бройлер етін өндіріп келеді.

Зауытта жылына 115 млн жұмыртқа және 2 мың тонна ет өндіріледі. Қазір құстардың жалпы саны 600 мыңнан асады, олардың ішінде 400 мыңға жуығы тауықтар, 92 мыңнан астам бас жануар мен 115 мың бройлер бар. Компания 320 адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орташа жалақысы – 105 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары