Самарқандта екі басты егіздер дүниеге келді
Мұндай патология 2 жүз мың шақалақтың біреуінде ғана кездеседі екен
Өзбекстанда екі басты сиам егіздері дүниеге келді, деп хабарлайды Хабар24.
«Қазір олар медициналық орталықтың терапия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Қос сәбидің тынысы тарылып, жүрегінде ақау бары анықталды. Жаңа туған қыз балалар әлемде өте сирек кездесетін сиам егіздерінің дицефалды түріне жатады»,- дейді дәрігерлер.
Олардың денесі, жүрегі, асқазаны, жатыры бір. Сонымен бірге екі қолмен және екі аяқпен дүниеге келген. Мұндай патология 2 жүз мың шақалақтың біреуінде ғана кездеседі екен.
«Біз ұрықтың ақауын жүктіліктің 21-аптасында аңғардық. Бұл туралы әке-шешесін ескертіп қойғанбыз. Жалпы, мұндай патологияның бірнеше себебі бар. Мысалы, жақын туыстар арасындағы некеден, бала көтеретін жастан өткеннен кейін босанудан, радиациялық зақымнан, экологияның нашарлануынан сиам егіздері тууы мүмкін»,- дейді мамандар.
Айта кетейік, жүктілік кезінде аналарының жатырында ауытқушылық бары 21-ші аптада белгілі болған.