01.07.2020, 09:05
Жаңалықтар
COVID-19: Қазақстанда бір тәулікте 1604 адамнан коронавирус анықталды
Олардың 1115-де ауру симптомдары жоқ
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда бір тәулікте 1604 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың 489-да ауру симптомдары бар, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Қалған 1115 адамда вирус табылғанымен, ауру симптомдары болмаған. Осылайша, елімізде коронавируспен ауырған адамдар саны 22 308-ге жетіп отыр.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3901 (+56)
- Алматы қаласы – 3861 (+86)
- Шымкент қаласы – 1654 (+7)
- Ақмола облысы – 494 (+12)
- Ақтөбе облысы – 883 (+21)
- Алматы облысы – 730 (+10)
- Атырау облысы – 1654 (+14)
- Шығыс Қазақстан облысы – 845 (+52)
- Жамбыл облысы – 703 (+10)
- Батыс Қазақстан облысы – 1507 (+45)
- Қарағанды облысы – 2318 (+50)
- Қостанай облысы – 512 (+14)
- Қызылорда облысы – 679 (+15)
- Маңғыстау облысы – 491 (+7)
- Павлодар облысы – 783 (+43)
- Солтүстік Қазақстан облысы – 417 (+17)
- Түркістан облысы – 861 (+15) адам.
Ал, ауру симптомы жоқтардың жалпы саны 18 757 адамды құрап отыр.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырған 13 588 адам емделіп, ауруханадан шығарылған. 188 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
04.03.2026, 10:30
Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды
04.03.2026, 15:50
Кәріс әншісіне қатты ғашық болған шетелдік әйел сотталып жатыр
04.03.2026, 11:44
Әділет министрі: егер қазақстандықтар қолдап дауыс берсе, 15 наурыз – Конституция күні болады
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)