23.11.2025, 17:47
Жаңалықтар
Қазақстанда кедендік тексерістердің 81%-ынан заңбұзушылық анықталды
Он айда 830 кедендік тексеріс жүргізілген
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда өткізілген кедендік тексерістердің басым бөлігінде заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.
830 тексерістің нәтижесі
Комитет дерегінше, қаңтар–қазан айларында 830 кедендік тексеріс жүргізілген. Оның 81%-ында заң талаптарының бұзылғаны анықталды.
Нәтижесінде:
- 31 млрд теңге көлемінде қосымша төлемдер есептелді,
- 24 млрд теңге өндіріп алынды,
- Былтырмен салыстырғанда қосымша төлем 172%, ал өндіріп алу 266% өскен.
Сонымен қатар 534 әкімшілік іс қозғалған.
Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар
Комитет кедендік саладағы негізгі заңбұзушылықтарды атап өтті:
- 40% — кедендік құнды дұрыс көрсетпеу
- 20% — тауарды қате жіктеу
- 11% — шектеуі бар тауарларды мақсатсыз пайдалану
- 9% — уақытша әкелу мен басқа да кедендік рәсімдерді бұзу.
Жауапкершілік күшейтілген
Комитет өкілдері кедендік декларацияда жалған мәлімет көрсету әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Ал төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 10 000 АЕК-тен асса, онда ҚК-нің 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады