$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қызды мыңнан астам адам іздеді

Қыздың жоғалғаны туралы хабар түнде түскен

Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қызды мыңнан астам адам іздеді
Фото: полиция департаменті

Астанада туған күннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған 10 жастағы қызды іздеуге мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Қыздың жоғалғаны туралы хабар түнде түскен

Полицияның мәліметінше, 22 қараша күні қыз бала туған күнді атап өткен соң балалар тобынан бөлініп, өзі кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ата-анасы оның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Қалада кең көлемді іздестіру жұмыстары бірден басталды.

Мыңнан аса ерікті жұмылдырылды

Іздестіру жұмыстарына еріктілер, бейжай қарамаған қала тұрғындары, Ұлттық гвардия, Астана полициясы гарнизонының толық жеке құрамы қатысқан.

Суық ауа райына байланысты қосымша күш пен техника тартылып, баланың жүріп өтетін мүмкін аймақтары толық тексерілді.

Қыз автобустан табылды

Қыз бала қалааралық қоғамдық көліктің бақылаушысы берген дерек бойынша анықталды. Ол бірден тоқтатылып, полиция қызметкерлеріне хабар берілген.

Баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Полиция ата-аналарға ескерту жасады

Астана ПД бірінші басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды.

«Балалардың қайда жүргенін, кіммен бірге екенін бақылап отырған маңызды. Көптеген жағдайдың алдын ата-ананың дер кезінде назар аударуы арқылы алуға болады», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары