$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін 22 мыңнан астам адам жазаланған

Тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдау форматы жеңілдетілген

Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін 22 мыңнан астам адам жазаланған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қазақстанда жыл басынан бері 22 мыңнан астам азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қоғамдық тәртіпті бақылау қалай күшейтілуде?

Министрдің айтуынша, полицияның қоғамдық орындардағы үздіксіз бақылауын қамтамасыз ету бойынша бірқатар шара қабылданған.

Атап айтқанда, қалалардың криминогендік аумақтарында 209 стационарлық полиция бекеті орнатылды; патрульдік қызмет тәулік бойы модульдік посттарда жұмыс істейді; тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдау форматы жеңілдетілген.

Мұндай бақылау әсіресе түнгі уақытта құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

ІІМ интернеттегі заңсыз контентті анықтап жатыр

Министрлік әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларды тұрақты түрде мониторингтен өткізеді. Жыл ішінде 100,8 мыңнан астам шетелдік ресурс заңсыз контенттен тұрғаны анықталған.

Аталған сайттардың мазмұны келесідей: 24,7 мың — порнографиялық ресурстар; 22 мың — жалған ақпарат тарату көздері; 17,3 мың — онлайн-казино жарнамасы; 15,3 мың — қаржы пирамидалары; 2,9 мың — фишинг ресурстары; 1,9 мың — есірткіге қатысты материалдар; 312 — қару-жарақ; 426 — суицидті насихаттайтын контент; 1 193 — қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар.

Серіктес жаңалықтары