$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында екі оқушыға жабайы түлкі шабуылдады

Олар аудандық ауруханаға жеткізілді

Маңғыстау облысында екі оқушыға жабайы түлкі шабуылдады
Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі мектеп оқушысы жабайы түлкінің шабуылынан жарақат алды. Балалар дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Балалардың жарақаттары жеңіл болған

Оқиға 21 қараша күні тіркелген. Балалар ата-аналарымен бірге көпсалалы аудандық ауруханаға жүгінген.

Түлкі 2011 жылы туған баланың оң аяғын, 2018 жылы туған баланың сол аяғын тістеп алған.

Екеуіне де жара орны өңделіп, қажетті екпелер жасалды. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Балалар амбулаторлық бақылауда.

Бұл дала түлкісі болып шықты

Ауыл тұрғындары түсірген фотоларды саралаған ECOJER аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов жануардың қарапайым дала түлкісі екенін айтты.

Экологтың айтуынша, дала жануарлары құтыруға шалдыққан болуы мүмкін, сондықтан оларға жақындау — қауіпті.

«Жабайы аңмен кезіккенде дереу мамандарға хабарлау керек. Ал тістеп немесе тырнап алған жағдайда — медициналық көмекке бірден жүгіну қажет. Балалардың ата-аналары дұрыс әрекет еткен», — деді маман.

Серіктес жаңалықтары