$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында көпірдегі ақауға байланысты жол жабылды

Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Павлодар облысында көпірдегі ақауға байланысты жол жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар трассада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұған «Қалқаман» көлік айрығындағы құрылыстық ақау себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қозғалыс не себепті тоқтатылды

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы бағытындағы автожолда орналасқан «Қалқаман» айрығы құрылысындағы шеткі арқалықтар зақымданған.

Ақау 22 қараша күні түнгі 00:30-да анықталып, қауіпсіздік мақсатында барлық автокөлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Қай бағыттар жабық, жол қалай өзгереді

Қалқаман ауылына кіретін және Астанаға шығатын жол бөлігі толық жабылды.

Қозғалыс келесі бағыттарға ауыстырылды:

  • Астана бағытына өтетін көліктер — 6 км қашықтықтағы «Қалқаман – Ақсу» (Береке) көлік айрығы арқылы
  • Павлодардан Қалқаманға кіретін көліктер — Баянауыл айрығы (3 км) арқылы.

Қандай жолдар ашық?

Жол жабылғанымен, Қалқаманнан Павлодарға шығу ашық, Астанадан Қалқаманға кіру де шектелмеген. Яғни ауылдың қала және елорда бағытындағы ішкі байланысы толық тоқтаған жоқ.

Инженерлік құрылымдағы зақымның нақты себебі мен қалпына келтіру мерзімі әзірге анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары