$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 20 медицина қызметкері лицензиясыз жұмыс істеген

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысында 20 медицина қызметкері лицензиясыз жұмыс істеген
Фото: © istockphoto.com

Жетісу облысында бірнеше медицина ұйымында қызметкерлердің құжатсыз жұмыс істегені анықталып, 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай емханаларда заңбұзушылық анықталды

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Каратал ауданының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуге қажетті сертификаттары мен лицензиялар болмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша:

  • 20 қызметкер әкімшілік жауапқа тартылды
  • Олардың ішінде 3 басшы бар: орталық аурухананың бас дәрігері және оның екі орынбасары
  • Жалпы салынған айыппұл көлемі 4 049 960 теңге

Бұл – денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың әлсіреуін көрсететін елеулі құқықбұзушылық.

Вакцинация ережелері де бұзылған

Прокуратура тексеріс барысында халықты вакцинациялау тәртібінің бұзылғанын да анықтады.

Осыған байланысты 4 жауапты тұлға – ауылдық ауруханалардың меңгерушілері, ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 157 280 теңге айыппұл төлейтін болды.

148 адамның құқығы қорғалды

Тексеру нәтижесінде құқықтары бұзылған 148 адамға, оның ішінде 100-ден астам кәмелетке толмағанға қатысты шаралар қабылданды.

Сонымен қатар 12,8 млн теңге бюджетке қайтарылды.

Прокуратура не дейді

Прокуратураның мәліметінше, «заң талаптарының өрескел бұзылуы тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді».

Сондықтан өңірдегі медицина мекемелеріне қатысты бақылау күшейтілмек.

Серіктес жаңалықтары