$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар жиі баратын Вьетнамда су тасқынынан 40 адам қаза тапты

Бірнеше провинцияда нөсер жаңбыр мен су тасқыны болған

Қазақстандықтар жиі баратын Вьетнамда су тасқынынан 40 адам қаза тапты
м

Вьетнамның орталық провинцияларында ұзаққа созылған нөсер жаңбырдан кейін өзендер тасып, табиғат апатынан 40-тан астам адам қаза тапты. Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Вьетнамның орталық және оңтүстік аймақтарындағы су тасқыны мен сел кемінде 40 адамның өліміне және он адамның жарақат алуына әкелді», - делінген жарияланымда.

Ең көп адам шығыны Даклак провинциясында тіркелді, бұнда 16 адам қаза тапқан. Сонымен қатар Кханьхоа, Ламдонг, Зялай провинцияларында және Хюэ мен Дананг қалаларында да құрбандар бар екені айтылды.

Сонымен бірге құтқару қызметтері 61 мыңнан астам адамды эвакуациялағаны хабарланды. Су тасқыны салдарынан 146 үй зақымданып, 52 мыңнан астам үйді су басқан.

 

Серіктес жаңалықтары