$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сот пәтерін өзі сатқан тұрғынды риэлторға 300 мың теңге төлеуге міндеттеді

Шарт талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші сатып алушыны өзі тауып алса да, сыйақы төлеуге міндетті болады

Сот пәтерін өзі сатқан тұрғынды риэлторға 300 мың теңге төлеуге міндеттеді
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында сот пәтерді өз бетінше сатқан тапсырыс берушіден сыйақыны өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жеке кәсіпкер «Р» жылжымайтын мүлік агенттігінің берешекті өндіріп алу туралы іс бойынша апелляциялық шағымын қарады.

Жеке кәсіпкер мен азамат Ю.-дың арасында пәтерді сатып алушыларды табу бойынша шарт жасалғаны анықталды. Шарт талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші сатып алушыны жеке өзі тауып алса да, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде мүлікті сатудың кез келген жағдайында тапсырыс беруші 800 000 теңге төлеуге міндеттенеді. Ю. пәтерді өзі сатып, бірақ сыйақыны төлемеген.

«Бірінші сатыдағы сот шарт талаптарын ауыр деп есептеп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сот алқасы онымен келіспей, шартқа ерікті түрде қол қойылғанын, ҚР АК 272-бабы міндеттемені тиісінше орындауды талап ететінін, ҚР АК 683-бабы тапсырыс беруші көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенетінін, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде пәтерді сату фактісі төлемнің негізін растайтынын көрсетті», - деп жазылған хабарламада.

Шарттың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, апелляциялық сот алқасы Ю.-дан жеке кәсіпкердің пайдасына 300 000 теңге өндірді.

Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары