Павлодар облысында Камаз жүргізушісі есірткі қолданған күйде ұсталды (ВИДЕО)
Ақсу қаласының полицейлері мас күйдегі жүргізушіні тоқтатты
Павлодар облысының Ақсу қаласында полиция қызметкерлері «Камаз» маркалы автомашинаны тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіде есірткі мас болу белгілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тәртіп сақшылары ер адамды дереу медициналық мекемеге куәландырудан өту үшін жеткізді, онда оның есірткі мас күйінде екендігі расталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қамалды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал сотқа берілді», – деп хабарлайды Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Полиция тұрғындарды жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады, Егер сіз мас күйіндегі адамның көлік жүргізгісі келетініне немесе көлік жүргізіп жатқанына куә болсаңыз, "102" телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз.