$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында шаруа қожалығынан 11 жыл бұрын ұрланған аңшы мылтығы табылды

Өңірде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр

Ақтөбе облысында шаруа қожалығынан 11 жыл бұрын ұрланған аңшы мылтығы табылды
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспекторлары шаруа қожалықтарының бірінен 2014 жылы ұрланған аңшы мылтығын анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұғалжар ауданындағы шаруа қожалығын тексеру кезінде полиция қызметкерлері ИЖ маркалы аңшы мылтығын тауып, тәркіледі. Тексеру нәтижесінде бұл қару деректер базасында ұрланған ретінде тіркелгені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске саламыз, айдың соңына дейін республика аумағында жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қару иелерінің 99,6%-ын тексерді.

Тексеру барысында:

  • 51 қаруды сақтау ережесін бұзу дерегі;
  • 46 қаруды тіркеу мерзімін бұзу дерегі;
  • сақтау ережесін бұзғаны үшін 29 бірлік азаматтық қару тәркіленді;
  • 14 бірлік тіркелмеген қару (12 бірлік тегіс ұңғылы, 2 бірлік обріз) анықталып, тәркіленді;
  • 19 дана ойық ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрі табылып, алынған.

«Полиция азаматтарды қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары