$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да элеватор қызметкері 30 метр биіктен астықтың ішіне құлап, көз жұмды

Марқұм қызметкердің 34 жаста болғаны анықталды

СҚО-да элеватор қызметкері 30 метр биіктен астықтың ішіне құлап, көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында элеватор қызметкері астық сақтау қоймасына құлап, астыққа батып, мерт болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 19 қараша кешке Ақжар ауданында болған. Кәсіпорында жұмыс істейтін 34 жастағы қызметкер шамамен 30 метр биіктіктен тура астықтың ішіне құлап кеткен.

Әйел табылған кезде тіршілік белгілері байқалмаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оның тұншығып көз жұмғанын анықтады.

«19 қарашада СҚО Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнында астық сақтау қоймасына құлау салдарынан 34 жастағы қызметкер қаза тапты. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары