18.11.2025, 15:23
Жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Түрксіб ауданында 32 жоба жүзеге асырылды
Қазір бағдарлама бойынша 2026 жылға 359 рекордтық өтініш түскен
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістікті дамытатын 32 жобаның іске асырылғанын хабарлады.

Биыл аудан аумағында:
- 7 жаңа келбетке ие болған алаңқай,
- 6 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы,
- 6 абаттандырылған аула аумағы,
- 6 автоматты суару жүйесі,
- 3 балалар мен спорт алаңдары,
- 4 сыртқы жарықтандыру желісі пайда болды.

Әкімнің айтуынша, тұрғындар ауданның дамуына қолдау білдіріп отыр. Қазір 2026 жылға 359 рекордтық өтініш түскен, бұл турксібтіктердің белсенді бола түсіп, бағдарламаға үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)