$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ішіп алған жүргізуші мопедін тастай салып, полиция қашты (ВИДЕО)

Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Астанада ішіп алған жүргізуші мопедін тастай салып, полиция қашты (ВИДЕО)
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада ішіп алған жүргізуші мопедін тастай салып, полиция қашты. Оқиға өткен демалыс күндері болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арнайы рейдтер барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқаратын жүргізушілерді анықтайды. Өткен демалыс күндері көлікті мас күйінде басқарудың 13 фактісі тіркелді.

«Түнгі уақытта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мопед тоқтатылды. Оның рөлінде 27 жастағы жігіт отырған. Тоқтату туралы заңды талапты елемей, ол жасырынбақ болған, алайда полиция қызметкері оны қолға түсірді. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Бұдан бөлек, оның жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты.

Аталған құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары