18.11.2025, 14:31
Жаңалықтар
Атырауда 70-тен асқан қария әйел адамды пышақтап тастады
Әйел адам оның туысы екені белгілі болды
Фото: istockphoto.com
Атырау қаласында 70-тен асқан қария әйел адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қарашада Атырау қаласының Геолог поселкесінде тұрмыстық сипаттағы жанжал салдарынан 59 жастағы әйел адам пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.
Полиция қызметкерлері күдікті 73 жастағы ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты